Бүркіт . Ителгі . Қаршыға . Сұңқар . Лашын .

  • Подписчики: 908 подписчиков
  • ID: 133209075
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
kazakh7777777

Описание

Құсбегілік - Бүркіт,  Ителгі,  Қаршыға,  Қырғи,  Тұйғын, Тұрымтай,  Сұңқар,  Лашын,  Жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқасалатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен, «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен»,— деген сөз-дер бар Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанга қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.Саятшылықтағы шариғат шарттары * Шариғат бойынша, құс иесінің көз алдында ғана аң аулауға тиіс. Сонымен қатар, алған аңын иесі барғанша жеп қоймауы қажет. Құсты әрбір аңға немесе құсқа салғанда Аллаһтан рұхсат сұрайды, иесі: «Биссимилаһи-рахмани-рахим» деп айтады. * Қыран құс алған аң-құсты «Сенің жазығың жоқ» деп барып қана бауыздайды. * Қолда үйретілген сұңқарды жөн-жосықсыз аң-құсқа салмайды. * Хадисте: «Қолдағы қыран құсыңды еш уақытта азықтан қысып, ашықтырма, қарны тоқ болсын және оған дұрыс тәрбие бер», – деп айтылған. * Қолға түскен түз құсын егерде ол қыран болмаса, міндетті түрде қинамай бостандыққа жіберген дұрыс. Және де қолда ұстаған сұңқарды бес-алты жастан кейін бостандыққа жіберу қажет. Өйткені, ол да ұрпақ қалдыруға тиісті.