Turlykhanov Daulet Bolatovich

  • Подписчики: 437 подписчиков
  • ID: 100057391
Блокировка:
Нет ограничений
Верификация:
Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
daulet_turlykhanov_official

Описание

Дәулет Болатұлы Тұрлыханов 1963 жылдың 18 қарашасында Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында (қазіргі Қалбатау) көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесі-Тұрлыханов Болат Тұрлыханұлы. 1934 жылы 14 маусымда Семей облысы Жарма ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Анасы- Мәрзия Айтбайқызы Тұрлыханова 1940 жылы 16 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақ қыздар педагогикалық институтының физика және математика факультетін тәмамдаған, педагогика ғылымдарының кандидаты. Қайрат Тұрлыханов –дзюдо және шаңғы спортынан спорт шеберінің кандидаты, ҚР ауыр атлетика федерациясының президенті. Дулат Тұрлыханов –грек-рим күресінен спорт шеберіне кандидат. Талғат Тұрлыханов –самбо және басқа да күрес түрлерінен спорт шеберіне кандидат, разрядтары бар. Қуат Тұрлыханов - грек-рим күресінен спорт шеберіне кандидат. Марат Тұрлыханов –грек-рим күресі бойынша ҚР чемпионы, спорт шебері. Қанат және Жанат Тұрлыхановтар – грек-рим күресінен спорт шеберіне кандидаттар. Гүлнар және Гүлмира Тұрлыхановалар жасөспірімдер арасында өткен облыстық және аудандық сайыстардың жүлдегерлері. Жұбайы – Гульнар Исмағұлқызы Тұрлыханова. 1966 жылы 17 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ қыздар педагогикалық институтының физика және математика факультетін тәмамдаған. Қазақстан Республикасының қол добы федерациясының президенті. Азияның қол добы федерациясының вице-президенті. Балалары: Динара, Данияр, Акежан, Камила, Ерасыл, Нұрасыл. ЖЕТІСТІКТЕРІ: 1986 жылдың 8 мамыры. ВМФ Кеңес Әскерінің Чемпионатында классикалық күрес бойынша 74 кг салмақ категориясында 1 орын үшін диплом. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы 1987 жылдың 12 қаңтарындағы Бұйрығымен үлкен жетістіктері және республикадағы дене шынықтыру мен спортты дамытуға белсене қатысқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталған; 1989 жылдың 21 маусымы. СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Бұйрығымен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған; 1990 жылдың 12-15 мамыры. СА және ВМФ чемпионатында классикалық күрес бойынша 82 кг. салмақ дәрежесінде 1 орынға, бірінші деңгейлі диплом. Ростов-на-Дону қаласы. 1992 жылдың 19 қарашасы. Барселонадағы ХХҮ жазғы олимпиада ойындарында спорттағы жеткен жоғары жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталған; 1995 жылдың 12 қаңтары. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған; 1997 жылдың 15 қаңтары. ҚР ІІМ КВВ «Қайсар» кеуде белгісімен марапатталған; ҚР Ұлттық Олимпиада Комитетінің Атқару комитетінің шешімімен 1997 жылдың «Үздік жаттықтырушы» номинациясы бойынша Әлем чемпионы грек-рим күресіне Ю.Мельниченконы және басқа да тәрбиелеушілерінің үлкен халы